Спорт • 05 Қазан, 2023

Лаура Әліқұл Азиаданың күміс жүлдесін олжалады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның каратэші қызы қоржынға күміс медаль салды, деп жазады Egemen.kz.

Лаура Әліқұл Азиаданың күміс жүлдесін олжалады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

68 келіге дейінгі салмақта сайысқан отандасымыз финалда Қытай каратэшісі Ли Цяоцяоға жол беріп, күміс жүлдені қаңжығасына байлады.