Спорт • 06 Қазан, 2023

Кавендиш «Астанада» қалады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиялық әйгілі велошабандоз Марк Кавендиш тағы бір маусым «Astana Qazaqstan Team» командасында өнер көрсететін болды. Бұл туралы велоклубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Кавендиш «Астанада» қалады

Биыл жыл басында біржылдық келісім­шартпен «Астана» жейдесін киген велоспорт тари­хындағы ең үздік спринтердің бірі ­Марк Кавендиш мамыр айындағы «Джиро ­д’Ита­лия» Гранд-турынан кейін жыл со­ңын­да карье­ра­сын аяқтайтынын мәлімдеген ­еді. Бірақ күні кеше «Astana Qazaqstan Team» велокоман­да­сы­ның бас менеджері Александр Виноку­ров Марк Кавендиш келісімге келгенін мәлім­деді. Сөйтіп, британиялық велошабандоз ­2024 жылдың соңына дейін «Астана» ­сапында ­өнер көрсетеді.

Биыл Марк Кавендиш елордалық коман­даның құрамында бірнеше додаға қатысып, үш бірдей жарыстың жүлдегері атанған-ды.