Қоғам • 06 Қазан, 2023

Исламбек Салжанов Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан VI Nobel Fest халықаралық фестивалі аясында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов әлемге әйгілі авто-дизайнер Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты. Картина авторы – Қазақстан суретшісі Ерлан Айтуаров, деп хабарлайды Egemen.kz.

Исламбек Салжанов Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты

Исламбек Салжанов атап өткендей сыйлық кездейсоқ таңдалмаған.

«5 мың жыл бұрын ата-бабамыз, яғни көшпенді жылқы жануарын бірінші болып ерттеп мініп, бүкіл адамзат өркениетінде серпіліс жасады. Міне, осы сәттен бастап жылқы ең жылдам әрі негізгі көлік құралына айналды. Бұл – тарихтың бағытын өзгертті. Жылқыны алғаш қолға үйреткен – қазақ даласы. Сіз дизайнын жасаған Ferrari көлігінде ат бейнеленген эмблема бар.

Сізге тарту еткен картинада Аламан бәйге бейнеленген. Ол – қазақтың ұлттық ат жарысы. Бірнеше мәрте чемпион болған Формула-1 сияқты темір тұлпар жарысының бастауында осы аламан бәйге тұр деп айтуға болады.

Сізді 2024 жылы қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырамын», деп түйіндеді сөзін Исламбек Салжанов.

Фрэнк Стивенсон тарту етілген сыйлықты жоғары бағалайтындығын, ал заманауи шығармашылықты шабыттандыруда тарихтың маңызы биік екендігін айтты. Дизайнер Исламбек Салжановқа өнер туындысы мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырғаны үшін алғысын білдірді.