Спорт • 06 Қазан, 2023

Азиадада джиу-джитсушы қоржынға күміс қосты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу шаһарындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына джиу-джитсудан кезекті күміс медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиадада джиу-джитсушы қоржынға күміс қосты

Джиу-джитсудан 57 келі салмақта финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезкеден 0:2 көрсеткішімен ұтылған Галина Дуванова 2-орынға ие болып, Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Айта кетсек, Г.Дуванова - әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері.