Спорт • 09 Қазан, 2023

26 жылдан кейінгі жүлде

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-әлем чемпионатында Милад Карими тарихи жүлдеге қол жеткізді.

26 жылдан кейінгі жүлде

Жарыстың кезекті күнінде ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалын­да 14.600 ұпай жинап, үздік үштіктің қатары­нан көрінді. Бұл сайыстың бас жүлдесі Артем Долгопятқа (Израиль) бұйырса, күміс Казу­ки Минамидың (Жапония) еншісінде кетті. Миладтың бұл жүлдесі қазақ гимнастарының 1997 жылдан кейін әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы медалі болды. Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада ба­ға­надан секіруден чемпион атанған.

Былтыр Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Милад еркін жаттығудың финалында 12.100 балл жинап, 8-сатыдан көрінген еді.