Хоккей • 08 Қазан, 2023

«Барыстан» бапкер кетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Бары­сын» жаттықтырып жүрген Андрей Скабелка қызметінен кетті. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Барыстан» бапкер кетті

52 жастағы Беларусь маманы осымен «Барысқа» екі рет келіп, екінші мәрте жұмы­сынан кетіп отыр. Мұндай жағдай шайбалы хоккей спорт түрінде қалыпты жағдай саналады. Андрей Скабелка ең алғаш «Барыс» тізгінін 2018-2020 жылдар аралығында ұстап, табысты нәтижелерге қол жеткізген болатын. Атап айтқанда, елордалық команда Гагарин кубогі жолында жарыстың плей-офф кезе­ңіне екі рет шыққан еді. Бірақ Скабелканың «Барысқа» екінші рет келуі сәтсіз болды.

Тұрақты біріншіліктің биылғы маусымын­да «Барыс» Андрей Скабелканың жетек­шілігімен 15 ойын өткізіп, соның тек үшеуінде ғана жеңіске жетті. 12 мәрте жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Қоржынын­да небәрі 11 ұпай бар. Осы нәтижелерді ескерген клуб басшылығы Беларусь маманымен келісім­шартты үзуге мәжбүр болды. Қазір­гі таңда «Барыс» ҚХЛ-дің Шығыс конфе­ренциясындағы турнир кестесінде 11-орында тұр. Енді бас бапкер міндетін Ғалым Мәмбеталиев атқарады. «Барыс» келесі ­ойынын бүгін елордада Челябінің «Трактор» командасымен өткізеді.