Тағайындау • 09 Қазан, 2023

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

4348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Жасын Біркенов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол «Хабар 24» телеарнасының директоры лауазымын атқарады.

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

«Жасын – «Хабар» агенттігінде шыңдалып, жетілген журналист. Жаңалықтарда тілшіліктен бастап шеф-редактор қызметіне дейін өскен білікті маман. Енді еліміздің басты ақпарат арнасын басқарып, ұжыммен бірге жаңалықтардың сапасын, жалпы арнаны жоғары белестерге көтеретініне сенімдімін», дейді  «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Жасын Ерсінұлы 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Еңбек жолын 2006 жылы бастап, әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», сондай-ақ, «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген.

2015 жылы жұмысын «24.kz» телеарнасында жалғастырған. 2015-2016 жылдары «Хабар 24» телеарнасының Украина Республикасындағы, 2019-2021 жылдары Өзбекстан Республикасындағы меншікті тілшісі болған.

2022 жылғы мамырдан бері «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры лауазымын атқарды.