Спорт • 10 Қазан, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері елордадағы «Тарлан» мұз­ айды­нында парахоккейден әлем чем­пио­наты (B-Pool) өтіп жатқаны бел­гілі. Кезекті жарыс күнінде отандаста­ры­мыз Финляндияны ірі есеппен тізе бүк­тірді.

Жарысты жеңіспен бастады

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан бай­рақты бәсекеде Финляндия, Словакия, Шве­ция, Ұлыбритания, Жапония, Қазақстан құра­ма­ларының парахоккейшілері өнер көрсетіп жатыр. Чемпионаттың кезекті турында отандас­тарымыз Суоми елінің өкілдерімен шебер­лік байқасып, қарсыластарын 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Ел құрамасы сапынан Алмас Ахметов пен Бексұлтан Жәнібектархан дубль авторы атанса, Мақсат Мианов пен Қуат Кәріп­баев бір-бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Ал Фин­ляндия құрамасынан жұбаныш шай­­ба­сын Алексо Аки соқты. Бұл – жерлестеріміз­дің әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Аталған ­кездесуде Алмас Ахметов Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды.

Жерлестеріміз келесі ойынын бүгін Швеция хоккейшілерімен өткізеді. Чемпион­атта алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылғы парахоккейден әлем чемпионатына жолдама алады.