Аймақтар • 10 Қазан, 2023

Иісшіл иттің көмегі

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 46 қылмыстың беті ашылды.

Иісшіл иттің көмегі

1 маусым – 30 қазан аралы­ғын­да рес­публика көлемінде өтетін «Қа­ра­сора-2023» жедел алдын алу іс-шара­сы аясында Қызылорда қаласына және басқа облыстармен шекаралас Арал және Жаңақорған аудандарына бекеттер қойылып, есірткі затын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бекеттерде кинолог мамандар өз­­деріне бекітілген иттермен есірт­кінің заң­сыз айналымына қа­тысты қылмыстық құқық бұзу­шы­лықтарды анықтайды. Бүгінге дейін есірткі іздеуге қызметтік үйретілген иттер көмегімен 22 қылмыс анықталып, айналымнан 26 келі 458,34 грамм марихуана тәркіленді.

Өткен айда «Шымкент – Са­ма­­ра» тасжолының бойындағы Арал беке­тінде Атырау облысы тұр­­ғынының басқаруындағы «Тойота-Ипсун» автокөлігі тоқ­та­тылып, тексеру барысында көлік ішіндегі жолаушылардың сөм­кесінен 25 келі 187,41 грамм кептірілмеген марихуана шыққан. Сонымен қатар 27 қыр­күйекте «Қызылорда – Түр­­­кістан» тас­жо­лының бо­йын­­дағы Белкөл бе­кетінде Қы­зыл­орда қаласы тұр­ғынының бас­­қа­руындағы «Шевролет кобальт» автокөлігін тексеру ба­ры­­сында сөмкеден сараптама қо­ры­тындысына сәйкес салмағы 1033,45 грамм болатын есірткі та­былды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әре­кеттері жүргізіліп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері қызмет­тік із­дестіру иттері арқылы 46 қыл­мыс ашылып отыр. Олар негі­зінен ұрлық пен есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар.

 

Қызылорда облысы