Спорт • 11 Қазан, 2023

Жапонияда топ жарды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Кюсю аралында велоспорттан алғаш рет ұйымдастырылған «Кюсю туры» аяқталды. Үш күндік ве­ло­­­жарыста «Astana Qazaqstan Team» вело­шабандозы Андрей Зейц жеңімпаз атанды.

Жапонияда топ жарды

Хита қаласында мәресіне жеткен жарыс­тың соңғы кезеңінде Андрей Зейц пелотоннан 8 секундқа ұзап кетіп, көмбеге бірінші жетті. Сөйтіп Күншығыс елінде ұйымдастырылған тұңғыш велотурдың алғашқы жеңімпазы атанды. Сондай-ақ жалпы есепте «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының италиялық өкілі Антонио Нибали екінші орынға ие болды.

7-9 қазан аралығында Жапонияда жалауы желбіреген жарыста Зейц пен Нибалиден бөлек, «Астана» велоклубынан Игорь Чжан, Евгений Гидич, Николас Винокуров және Александр Винокуровтар өнер көрсетті.