ANTIKOR • 11 Қазан, 2023

Есік қаласының әкімі ірі мөлшерде пара алған

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Есік қаласының әкімін қамауға алды. Ұсталған шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есік қаласының әкімі ірі мөлшерде пара алған

Фото:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікке ілінген әкім қаржылық қылмыс жасағанын мойындады.

«Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті кінәні толығымен мойындады», делінген ресми ақпаратта.

Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса хабарлады.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.