Спорт • 12 Қазан, 2023

22 медальмен оралды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте ұйымдастырылған жастар арасындағы самбодан әлем чемпионаты мәресіне жетті.

22 медальмен оралды

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, үш күнге созылған жас спортшылар арасындағы жаһандық додада әлемнің 28 елінен келген балуандар жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.

Әлем біріншілігінде Қазақстан ұлт­тық құрамасының спортшылары да өнер көр­се­тіп, тәуір нәтижеге қол жеткізді. Атап ай­тар болсақ, жа­һандық жарыста жерлестері­міз 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жал­пыкомандалық есеп­те 2-орын алды. Мұнда Халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбек­стан спортшылары түйіндеді.