Қоғам • 12 Қазан, 2023

«Kutty Meken» мобильді қосымшасы іске қосылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Kutty Meken» мобильді қосымшасы іске қосылды

Фото: gov.kz

«Kutty meken» – этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымша.

«Мобильді қосымша мемлекеттік қызмет көрсету процесін едәуір жеңілдетеді. Оның көмегімен шетелде жүрген этникалық қазақтар өздері тұрған елдің аумағынан шықпай-ақ «қандас» мәртебесін алуға өтініш бере алады. «Kutty meken» жобасын іске асыру уақытты үнемдеуге және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Аталған қосымшаны пайдалану үшін Android және IOS қолданушылары Play Market және App Store-дан жүктеп алуына болады.