Президент • 12 Қазан, 2023

Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент

Фото: Ақорда

«Бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдады. Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек. Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ «ойын ережелерін» қалыптастырған жөн», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес екенін айтты. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс.

«Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін», деді Президент.