Футбол • 13 Қазан, 2023

«Қайрат» пен «Зенит» кездеседі

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» футбол клубы ертең өз алаңында Ресей біріншілігі­нің он дүркін чемпионы «Зенитпен» жолдастық матч өткізеді.

«Қайрат» пен «Зенит» кездеседі

Бұл – екі клуб арасындағы кейінгі бес жылдықтағы үшінші жолдастық кездесу болмақ. 2018 жылдың 9 қыркүйегінде Санкт-Петербургте өткен «Қайрат» пен «Зенит» клубтарының алғашқы ойынында ресейлік ұжым Себастьян Дриуссидің жалғыз голы арқылы жеңіске жетсе, 2020 жылы Түркиядағы жолдастық матчта «Зенит» 3:1 есебімен басым түскен еді. Бұл ойында «Қайрат» сапынан жалғыз голды Еркебұлан Тұңғышбаев соқты. Ал «Қайрат» пен «Зенит» КСРО-ның жоғары лигасында бір-бірімен 57 ойын өткізген.

Ертеңге жоспарланған үшінші жолдастық кездесуді жанкүйерлер «QAZSPORT» және «Матч ТВ» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Матч елорда уақытымен сағат 17.00-де басталады.