Футбол • 16 Қазан, 2023

Қазақстан - Финляндия матчының тікелей көрсетілімі

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Хельсинкиде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді, онда Финляндия құрамасы Қазақстан құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан - Финляндия матчының тікелей көрсетілімі

Фото: Sports.kz

Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Айта кетейік, жеті матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Финляндия құрамаларында 12 ұпайдан бар. Финляндия үшінші орында, Қазақстан төртінші орында (финдер қосымша көрсеткіштер бойынша артықшылығына байланысты алда). Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында Қазақстан құрамасы сыртта Дания құрамасынан жеңіліп қалды (1:3), ал Финляндия құрамасы сыртта Словениядан (0:3) жеңілді.