Ауа райы • 16 Қазан, 2023

Синоптиктер ескертеді: таулы аймақтарда 3 градус аяз болады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы тәуліктерде тек республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауады, ал Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады, тек 18-19 қазанда ғана еліміздің солтүстігінде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ескертеді: таулы аймақтарда 3 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, ауа температурасы түнде Қазақстанның басым бөлігінде 0-10 градус жылы, солтүстік жартысында, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 3 градус аяз болады.

Күндіз ауа температурасы 10-18 градустан 5-15 градусқа дейін бірте-бірте төмендейді, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15 градустан 10-18 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - 10-22-ден 15-25 градусқа дейін суық болады.