Аймақтар • 17 Қазан, 2023

Өскемендегі май сығымдау кешенінде өрт шықты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өскемендегі Примыкание көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шықты. Май сығымдау кешенінің кептіру камерасында 75 тонна күнбағыс дәні өртенген. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өскемендегі май сығымдау кешенінде өрт шықты

Фото: ТЖД

Ведомствоның мәліметінше, өрт технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сағат 08:28-де толығымен сөндірілген.

«ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері шамамен 3000 тонна дайын өнімді аман алып қалып, оттың жақын маңда орналасқан өрт қауіпті құрылымдарға таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам мен 18 бірлік техника, «Таза Өскемен» ЖШС-дан 6 адам мен 3 бірлік техника, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды», делінген хабарламада.