Президент • 17 Қазан, 2023

Президент өзі оқыған Қытайдағы университетке 40 жылдан кейін барып, профессорымен кездесті

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент өзі оқыған Қытайдағы университетке 40 жылдан кейін барып, профессорымен кездесті

Фото: Ақорда

– 40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің еңбекқорлығыңызды, табандылығыңыз бен ерік-жігеріңізді ерекше бағалаймын. Сіздің шәкірттерге берген біліміңізге баға жетпейді. Мұның бәрі сіздің кәсібилігіңізді, ыждағаттылығыңызды және өз ісіңізге деген адалдығыңызды көрсетеді. Құрметті демалыста екеніңізді білемін. Соған қарамастан, университеттің қоғамдық өміріне атсалысуды жалғастырып, мәдениетаралық байланыстардың дамуына зор үлес қосып жүрсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Шициньге алғыс айтып, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Мұнан соң Мемлекет басшысына университетте оқыған кезіндегі өзінің архив құжаттарын көрсетті.

Іс-шара соңында Президент Бейжің Тіл және мәдениет университетіне Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін сыйлап, осы оқу орнында білім алып жатқан Қазақстан студенттерімен әңгімелесті.