Президент • 17 Қазан, 2023

Президент: Қазақстан Қытаймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты ұстанады

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Қазақстан Қытаймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты ұстанады

Фото: aqorda_resmi

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жай-күйі және оны дамыту перспективасы талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұған дейінгі кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Қазақстан Президенті Қытайдың қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтті.  

ортага

«ҚХР Үкіметі әлемді тұрақсыздық жайлап тұрған қазіргі кезеңде экономиканың орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселені тиімді шешіп отыр. Қытайдың жаһандық экономиканың орнықты дамуына қосқан елеулі үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстан Қытаймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты және жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға қашанда ерекше мән береді. Қазақстан ҚХР-дың сенімді стратегиялық серіктесі әрі тату көршісі болды келді және келешекте де солай болып қала береді. Бүгінде қазақ-қытай қатынасы қарқынды дамып жатыр. Бұған жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмысы ықпал етуде. Сапарымның аясында бүгін Үкімет деңгейіндегі 9 құжатқа, екі елдің бизнес және басқа да құрылымдарымен 20-дан астам келісімге қол қойылды. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында визасыз режимге және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара ықпалдастығымызға қатысты келісімдердің маңызы зор екенін атап өткім келеді», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өте табысты келіссөз жүргізіп, қазақ-қытай қатынасын одан әрі нығайту үшін нақты уағдаластық орнағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше