Қоғам • 18 Қазан, 2023

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар күні қарсаңында кеше Астанадағы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше ашылды

Фото: Астана ТЖД

Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Астана қаласындағы көшелердің біріне өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріліп, естелік тақтайша орнатылған еді. Кеше көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған батырдың туыстары, жұбайы мен балалары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушіні еске алып, жаңадан ашылған көшенің бойында ағаш отырғызды.

А

Еске салайық, Асқар Забикулин өткен жылы қызметтік міндетін атқару кезінде 3 адамды өрттен құтқарып, алған жарақатынан ауруханада көз жұмған еді. Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

1