Елорда • 18 Қазан, 2023

Астанада ерлікпен қаза тапқан құтқарушылар ұлықталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы Құтқарушылар аллеясында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі өтіп, гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада ерлікпен қаза тапқан құтқарушылар ұлықталды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ТЖД басшылары және қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің жақындары мен туыстары қатысты.

Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген қызметкерлерден ант қабылдау рәсімі өтті.

л

Еске сала кетсек, 19 қазан күні елімізде жыл сайын Құтқарушылар күні атап өтіледі.

«Құтқарушылар күнінің қарсаңында осындай еске алу шарасын өткізіп отырмыз. Тәуелсіздік жылдарында 69 өрт сөндіруші, құтқарушы, офицер, сержант зардап шеккен халыққа көмектесіп, қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан. Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі ел есінде қалады. Біз әрдайым уақытында көмек көрсетуіміз керек және төтенше жағдайдың алдын алуымыз қажет», деді министр.

Сондай-ақ Сырым Шәріпханов алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Құрметті, әріптестер! Сіздерге зор денсаулық пен жақсылық тілеймін! Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Біз құтқару жұмысынан бұрын алдын алу мәселесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Бастысы еліміз гүлдене берсін! Төтенше жағдайлар болмасын!», деп түйіндеді генерал-майор Сырым Шәріпханов.

щ