Мектеп • 19 Қазан, 2023

13 мектеп пайдалануға берілді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 2023-2024 оқу жылының басында 13 мектеп­ пай­да­­­­­ла­­­­нуға берілді. Бұл 25 мыңға жуық балаға жайлы оқуға мүмкіндік сыйлайды. Нақтырақ айтқанда, 24­ 566­­­ орын­дық оқу ошағы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есе­­бі­­нен салынған.

13 мектеп пайдалануға берілді

Оқу-ағарту министрлігі та­рат­­­­­­­­қан­ ақпаратқа сүйенсек, бі­лім беру ны­сан­да­рының 6-ауы Алма­ты­­­­­ облысында, 3-еуі Астана қа­­­ла­­­­­­­сын­да, 2-еуі Қы­­зыл­орда облысында­ жә­не бір-бір­ден Батыс Қазақстан, Жам­был­ облыстарында орналасқан.

«Қызметін сыбайлас жем­­­қор­­лардан тәркіленген қара­жат есе­бінен жүргізетін Білім беру инфра­құрылымын қол­дау қоры үш ауысымды, апат­ты мектептерді, оқу­шы­ орны тапшылығын жою мақсатында құрылды. Ірік­теу­ 11 басымдық бойынша жүр­гі­зіледі. Ең алдымен, бұрын бас­талған мектептер­­дің құры­лы­сын аяқтау көзделіп отыр. Бүгінгі таңда қор 76 738 орын­ды 62 мектептің құры­­лысын қар­­жы­ландырды. Қара­жат жер­гілікті атқа­рушы орган­дар­дың­ есепшотына ауда­рылды», делін­ген министрліктің хабар­ла­ма­сында.

Мемлекет жыл сайын­ мек­теп­тер­ді салу мен жаңғырту­ға қар­жы­ бө­ліп келеді. Оқу жылының басы­нан­ бері елімізде 55 мың орындық 39 жаңа мектеп ашылды. 2023-2024 оқу жы­лында бас-аяғы 132 мың орын­дық 154 мектепті пайдалануға беру жос­пар­лан­ған. Бұл 12 апатты және 29 үш ауы­сымды мектеп мәселесін шешеді.

Сонымен қатар «Жайлы мек­теп»­ ұлттық жобасын іске асы­ру­ басталды. Оның аясында 740 мың­ орындық 369 мектеп салу жоспарланып отыр.