Қоғам • 19 Қазан, 2023

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті кәсіпкерлерді бопсалап келген Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шықты. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған екен. Ұсталғандардың тұрғылықты жерін тінту кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.