Футбол • 19 Қазан, 2023

«Тас қамал» Нұралы

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама­сы­ның қорғаушысы Нұралы Әліп қар­сыластарынан допты тартып алу стат­исти­касы бойынша Еуропадағы ең үздік үш қорғаушының қатарынан табылды.

«Тас қамал» Нұралы

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ұсынған мәлімет бойынша, отандасымыз Еуро-2024 іріктеу кезеңінде өткізген жеті кездесуде қарсылас команданың футболшысынан 54 мәрте допты тартып алып, ең үздік қорғаушылар тізімінде үшінші сатыға орналасқан. Үздіктер көшін финляндиялық Роберт Иванов (67) пен норвегиялық Лео Остигор (55) бастап тұр.

Рейтингтің төртінші және бесінші сатыларына «Манчестер Ситидің» швейцариялық қорғаушылары Мануэль Аканджи (50) мен португалиялық Рубен Диаш (46) жайғасқан. Сондай-ақ Нұралы «SofaScore» сараптама порталының дерегі бойынша ұлттық құрама ойыншыларының ішінде ең жоғары ұпайға ие болды – 7,10.