Тағайындау • 21 Қазан, 2023

Бас прокурордың орынбасары мен комитет төрағасы тағайындалды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімдерімен  Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына, Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурордың орынбасары мен комитет төрағасы  тағайындалды

Фото: akorda.kz

Ғалымжан Қойгелдиев бұған дейін Бас прокурордың Аппарат басшысы  лауазымын атқарса,  Нұрдәулет Сүйіндіков осы жылдың қаңтар айында Бас прокурордың бұйрығымен  Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған болатын.