Оқиға • 23 Қазан, 2023

Семей қаласындағы мектеп жертөлесінен өрт шықты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Семей қаласындағы №40 мектептің жертөлесі отқа оранды. Анықталғандай, жертөледе тұрған трансформатордың электр сымдары тұйықталып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Семей қаласындағы мектеп жертөлесінен өрт шықты

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт сөндірушілер мектепке 5 минутта келіп жеткен. Жедел әрекет еткен ТЖ мамандары жалынды 12 минут ішінде оқшаулап, сағат 9:41-де толық сөндірген.

Оқиға кезінде ғимаратта болған 371 оқушы мен 45 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.