Үкімет • 25 Қазан, 2023

Қазақстан орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Премьер-министр

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов  отандастарды маңызды мереке Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қазақстан орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Премьер-министр

Фотоя: primeminister.kz

«Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана уақытта ауқымды реформаларды жүзеге асырған Қазақстан жаңғыру мен орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбекқор халқымыздың ынтымағының арқасында ел экономикасы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, жаңа өнеркәсіп саясаты тиімді іске асырылып келеді. Қоғамдық өмірімізде салтанат құрған ұлттық келісім мен әлеуметтік ауызбіршілік сияқты қастерлі құндылықтар ғана мемлекеттігіміздің тұғырын биіктетіп, экономикалық жетістіктеріміздің арқауы болып қала бермек. Халқымызды отаншылдық рухындағы ортақ мақсатқа ұйыстыруда осынау мерейлі күннің маңызы ерекше. Ел игілігі жолында еңбек етіп, егемендікті көздің қарашығындай сақтау – біздің бәріміздің асыл борышымыз», деді Ә.Смайылов.