Оқиға • 26 Қазан, 2023

Абай облысында өрттен төрт бала көз жұмды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше сағат 10:49-да Аягөз қаласы, Барақ батыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шықты. Оқыс оқиға салдарынан 4 бүлдіршіннің ғұмыры қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында өрттен төрт бала көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы сағат 11:10-да жалынды оқшаулап, 11:24-те толық сөндірген. Алайда үйдің ішінен төрт баланың мәйіті табылды.

Құзырлы орган өкілдері өрттің шығуы мен балалардың қаза болу себебіне қатысты сараптама жүргізіп жатыр.