Спорт • 26 Қазан, 2023

Алтыншы «алтынды» алдық

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы (Қытай) IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшысы Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль олжалады, нәтижесі - 15,74 м, деп жазады Egemen.kz.

Алтыншы «алтынды» алдық

Фото: Ведомство. Телеграм

Чемпионды жарқын жеңісімен құттықтаған туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бүгін спортшы өзінің кәсіби шеберлігін айқын көрсеткенін айтып, келешекте де жоғары жетістікте жетуіне тілекшілік білдірді.

Айта кетсек, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрама командасының алтыншы алтын медалі.