Спорт • 27 Қазан, 2023

ФИФА рейтингінде өрлеу үшін жеңу керек

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан халықаралық  қауымдастықтардың федерациясы (FIFA)  жаңартылған  тізімді жариялады. Еліміздің ұлттық  құрамасы екі сатыға өрлеп, 98-сатыға орнықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

ФИФА рейтингінде өрлеу үшін жеңу керек

Фото: kff.kz

Жаңартылған рейтингте әлем чемпионы - Аргентина құрамасы көш бастап тұр.  Екінші орын Франция футболшыларының еншісінде,  үштікті Бразилия құрамасы түйіндеген.

Магомед Адиев баптайтын баптайтын біздің ұлттық құрама келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кейінгі екі матчты  сырт алаңда өткізіп, Копенгагенде Дания құрамасына 3:1 есебімен есе жіберіп, Хельсинкиде Финляндия  футболшыларын 1:2  есебімен еңсерген еді.