Қоғам • 28 Қазан, 2023

Шахтадағы апат туралы ақпараттар дер кезінде жеткізіліп отыр - министрлік

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қарағанды ​​облысындағы И.Костенко атындағы шахтадағы жағдайға байланысты ауқымды және уақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахтадағы апат туралы ақпараттар дер кезінде жеткізіліп отыр - министрлік

«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық назарына шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған барлық шаралар туралы ақпарат дер кезінде жеткізіліп отыр. Сонымен қатар жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызметкерлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді», делінген хабарламада.