Қылмыс • 30 Қазан, 2023

Жүргізуші куәлігін әперем деп, 8 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол жүргізуші куәлігін алып беремін деп азаматтардың 8 млн-нан астам теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізуші куәлігін әперем деп, 8 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Күдікті Екібастұз қаласындағы автомектептердің бірінде бейресми есепші болып жұмыс істеген. Ол былтырғы қазан айынан биылғы маусым айы ортасына дейін «мемлекеттік мекемелерде танысым бар, қажетті санаттағы жүргізуші куәліктерін алып беремін» деп азаматтарды алдап келген. 

Автомектеп оқушылары оған 150 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін (қажетті санатқа байланысты) ақшалай қаражатты жұбайының шотына аударып отырған.

Кейін ешқандай нәтиже болмағандықтан, азаматтар полицияға жүгінген. Алаяқтың торына Павлодар облысымен қоса, көршілес Ақмола облысы тұрғындары да түскен. Қазіргі уақытта 48-ге жуық алданған азамат анықталып отыр. Тұрғындарға 8 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

«Факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 4-тармағы 3-бөлігінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Алаяқтық жасады деген күдікті әйелге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды», дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.