Тағайындау • 01 Қараша, 2023

Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

Ерлан Құсайынның үш жоғары білімі бар: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде түрлі қызметтер атқарды.

Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2018 жылға дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметін атқарды. Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және осы басқарманың басшысы болды.

2022 жылдың сәуірінен бастап Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарды.