Елорда • 01 Қараша, 2023

Осы аптада Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

178 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы аптада елордада бірқатар іс-шара өтеді. Астаналықтар түрлі концерттер мен шоуларға, көрмелерге қатысып, балаларға арналған ойын-сауық алаңдарына бара алады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осы аптада Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

1 қараша күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында аптаның соңына дейін «Тәттілер мұражайы» халықаралық көрмесі өтеді.

Сағат 11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Супониннің «Коза-Дереза» ертегісі қойылады, ал кешке сағат 19:00-де «Әлия» спектаклінің көрсетілімі өтеді.

Сонымен қатар «Жастар» театрында елорда тұрғындары «Лифт» спектаклін тамашалай алады, ал М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында театрдың туған күніне арналған концерт өтеді. Кіру тегін.

Сондай-ақ сағат 19:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының 5 жылдығына арналған концерт өтеді. Кіру тегін.

Сағат 19:30-да «Жастар» сарайында елорда тұрғындары «Ретро-хиттер» концертін тамашалай алады.

2 қараша күні сағат 11:00-де «Жастар» театрында қазақ халық ертегісі «Ұр тоқпақ» қойылады, сол сахнада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Үй таңданған лақ» ертегісін ұсынады.

Кешке сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық-Жүрек» музыкалық спектаклі, ал «Астана Опера» сахнасында «Қыз Жібек» операсы өтеді.

3 қараша күні сағат 11:00-де М. Горький атындағы орыс театрында Т.Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісі өтеді.

14:00 және 16:00-де Қуыршақтар театрында «Элвин және жұмбақ орманның тұрғандары» спектаклі көрсетіледі. Қойылымды 4 және 5 қараша күндері көруге болады.

Сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Елім деп күй төгемін» атты концерті өтеді. Сондай-ақ М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Чеховтың «Вишнёвый сад» комедиясы өтеді.

4 қарашада сағат 11:00-де орыс драма театрында «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі, ал кешке сағат 18:00-де «Гроза» спектаклі өтеді.

«Жастар» театрында 12:00 және 16:00-де А.Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» қойылымы өтеді.

4 және 5 қарашада сағат 16: 00-де елордалық циркте AQUAMARINE суындағы цирк бағдарламасы өтеді.

Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі қойылады. Осы уақытта Astana Ballet театрында Марат Бисенғалиевтің қатысуымен «Есімдер» концерті өтеді. Сондай-ақ «Астана Опера» театрында «Махаббат музыкасы» концертіне немесе Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Түрік сериялдары әлемі» симфониялық музыка концертіне қатысуға болады.

5 қараша М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М. Супониннің «Коза-Дереза» ертегісі өтеді. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:00-де Н.Гогольдің Санкт-Петербург әңгімелеріне негізделген «Гоголь. Санкт-Петербург» сахналық қойылымы өтеді.

Сағат 19.00-де елордалық «Жастар» театрында С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді.

Сағат 20.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Владимир Высоцкийдің шығармашылығына арналған «Я люблю, и значит, я – живу!» қойылымы өтеді.