Президент • 01 Қараша, 2023

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі хаб құрылады

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Semmaris компаниясының бас директоры Стефан Лаянимен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі хаб құрылады

Стефан Лаяни Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі хаб құру жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылуына қатысты мәлімет берді. 

Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан инвестициясының жалпы көлемі 150 миллион долларды құрайды. 

Компания өз тарапынан жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде технологиялар мен Францияның озық тәжірибесін трансферт жасайды.