Спорт • 01 Қараша, 2023

Үздік үштіктен көрінді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының астанасы Әр-Рияд қаласында аяқталған V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында ел құрамасы үздік үштікке енді.

Үздік үштіктен көрінді

16 спорт түрінен 1 500-ден аса атлет 954 медальді өзара сарапқа салды. Қазақстан спорт­шы­лары 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 3-орынға көтерілді.

Көш басына Украина (21 алтын, 17 күміс, 15 қола) мен Сауд Арабиясы (12 алтын, 20 күміс, 19 қола) құрамалары жайғасты. Жалпы, бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарына өз спортшыларын жіберген 120-дан аса елдің 87-сіне жүлде бұйырды.