Қазақстан • 02 Қараша, 2023

Қазақстанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, 6 және одан да көп тіл білетін ерлер көп

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың тіл білу деңгейіне қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, 6 және одан да көп тіл білетін ерлер көп

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% екі тілді, 28,6% – үш тілді меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7% 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2% біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.

Қызықты дерек, ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%.

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында. Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024