Қоғам • 04 Қараша, 2023

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Валерия Ефанова 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: Polisia.kz

Үстінде ақ түсті күрте, ақ аяқ киім, ақшыл түсті сөмкесі бар. 

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығына дейін. 

«Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз!», делінген хабарламада.

П