Аймақтар • 05 Қараша, 2023

Курчатов қаласы тұрғындары сайлау учаскелерінде таңдауын жасайды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пилоттық режимде аудандар мен қалалар әкімдерін сайлау – еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиға. Осы орайда Абай облысына қарасты Курчатов қаласы және Абай ауданы тұрғындары бүгін сайлау учаскелерінде таңдауларын жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Курчатов қаласы тұрғындары сайлау учаскелерінде таңдауын жасайды

Фото: gov.kz

Аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Курчатов қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 6 931 адам, Абай ауданы бойынша – 8 597 адам енгізілген.

Барлық учаскелер дауыс беруге таңғы 7:00-ден кірісіп кеткен және сайлаушыларды кешкі 20:00-ге дейін қабылдауға сақадай сай.