Теңге • 06 Қараша, 2023

Теңгенің 30 жылдығына арналған арнайы монеталар соғылды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңгенің 30 жылдығына арналған арнайы монеталар соғылды

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Еске сала кетсек, 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады.

«TEŃGEGE 30 JYL монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан «₸» теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді», делінген банк хабарламасында.

р

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.