Тағайындау • 08 Қараша, 2023

Сәрсен Құранбек жаңа қызметке тағайындалды

2003 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрсен Құранбек жаңа қызметке тағайындалды

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды.