Спорт • 13 Қараша, 2023

Арайлым Әбенова – самбодан тұңғыш әлем чемпионы

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияның Ереван қаласында самбо күресінен өткен дүние чемпионатында жерлесіміз Арайлым Әбенова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арайлым Әбенова – самбодан тұңғыш әлем чемпионы

Turizm_jane_sport_ministrligi

Аса ауыр салмақта күрескен Арайлым Әбенова ширек финалда Сидней Си деген балуаннан басым түсті.  Жартылай финалда Бланка Продан есімді қарсыласын жықты. Финалдық сайыста ресейлік қазақ Жанара Құсанованы да айқын ұтты. Қазақ қыздарына бұған дейін аса ауыр салмақта самбодан әлем чемпионатының алтыны бұйырған емес. Осы олқылықты Арайлым бүтіндеді. Қазақстан спортшылары самбо күресінен  әлем чемпионатына 1992 жылдан бері тұрақты түрде қатысып,  30 жылдың ішінде 27 алтын медаль иеленді. 

Ереван төрінде еліміздің балуандары 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Келесі жылы самбо күресінен әлем чемпионаты Астана қаласында өтеді.