Қоғам • 13 Қараша, 2023

«Антикор» басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте «Антикор» ұйымы басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Антикор» басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

Мақсат Қожабаев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген «Алаяқтық» қылмысы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны бес жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ақпаратты Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұл қылмыстық іске тағы бір айыпталушы Зәкір Ғұламовтың қатысы бар. Сот оны Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігінде, 367-бабының 4-бөлігінде, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған. Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалған еді.