Қоғам • 14 Қараша, 2023

Қазақстан-Сан-Марино матчы кезінде арнайы автобустар қатынайды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Сан-Марино матчы кезінде елордада арнайы автобустар сағат 19:30-дан бастап жүре бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап.

Қазақстан-Сан-Марино матчы кезінде арнайы автобустар қатынайды

Фото: ашық дереккөз

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матч 17 қараша күні, кешкі сағат 21:00-де басталады. Оған дейін жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында футбол жанкүйерлері үшін шаттл-автобустар 5 жерден тасымал жүргізеді. Олар:
 
«Астаналық цирк» автотұрағы;
 
«Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;
 
«Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
 
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің тұрағы;
 
«Жастар» сарайы тұрағы.
 
Ал ойын аяқталғаннан кейін қосымша 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және 303 қала маңы бағдарларымен үйге жетіп алуға болады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада күтеді.