Қазақстан • 14 Қараша, 2023

Жауынгер сүйегі елге жеткізіледі

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Қазақстан жауынгерінің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жауынгер сүйегі елге жеткізіледі

Фото: gov.kz

Аталған елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша жауынгердің медальонында сақталған жазба арқылы оның Қызылорда облысына қарасты Қазалы аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылғаны, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысқаны, 1912 жылы туып, 1941 жылдың 7 қарашасында Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқаны, жауынгердің аты-жөні Сейлан Мәметов екені анықталған.

Аталған шарада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев: «Сол кездегі адамдардың ерлігі туралы естелік отандастарымыздың жүрегінде мәңгі қалады, кітаптарда, әндерде, монументтерде, мемориалдарда, мұражайлар экспозицияларында және көше атауларында бейнеленеді», деп атап өтті.

Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Жауынгер сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен жерленеді.