Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Семейде университет студенттері күзетшіге күтпеген тосын сый жасады (видео)

825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің студенттері тиісті оқу орнының күзетшісін туған күнімен құттықтап жатқан әсерлі видео тарады. Тосын сыйды күтпеген күзетшінің әрекеті жұртты сүйсінтті, деп жазады Egemen.kz

Семейде университет студенттері күзетшіге күтпеген тосын сый жасады (видео)

Видеода студенттер торт алып, сол күні жұмыста болған күзетшіге «Туған күніңмен» әнін шырқаған. Ер адам таңғалып, не болып жатқанын бір сәтке түсінбей қалған. Күзетші студенттердің әрекетіне елжіреп, бірнеше рет алғысын білдірді.

Желі қолданушылары видеоның астына «Жақсы адам екені көрініп тұр», «Қандай бақытты», «Мен оны білемін, ол керемет адам» деген сынды пікірлер қалдырған.

Бейнежазбадағы адамның есімі Мамырбек Тәшкенбаев екені белгілі болды. Келісімшарт негізінде университеттің күзет қызметін көрсететін жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейді.

«Ол бізбен үш жылдай жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде ол өзін саналы, ұқыпты маман ретінде көрсетті. Әріптестер мен университет басшылығы оны өз ісін жақсы білетін, жауапты, мақсатты қызметкер ретінде біледі және құрметтейді. Ол – сүйікті жар, әке және ата», деп атап өтті ЖОО баспасөз қызметі.