Дін • 15 Қараша, 2023

Діни сауатын арттырды

1615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі кезде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алуы қоғамды алаңдататын өзекті мәселеге айналды. Осы орайда, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралардың дені қоғамда діни сауаттылықты арттыруға бағытталып отыр.

Діни сауатын арттырды

Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен мемлекеттік орган­дарының қызметкерлеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін, заңнама, нормативтік-құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламалар саласындағы біліктілік пен білім деңгейлерін арттыру мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Екі күндік семинар барысында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теолог Салтан Сәкен «Ғаламтор кеңістігінде жүргізілетін күмәнді діни насихаттық жұмыс­тар мәселесі және олармен күре­судің жолдары», философия ғы­лымдарының кандидаты, Әл-Фа­раби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Жанна Қаңтарбаева «Қазақстандағы неоисламдық ағым­дар: ерекшеліктері мен дінді тарату әдістері» тақырыптарында талдау жасады. Сонымен қатар оқу бағдарламасы аясында Президент жа­­нындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының профессоры Мәншүк Құсайынова, Нұр-Мү­барак Египет ислам мәдениеті уни­вер­ситеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы тренинг өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025