Аймақтар • 17 Қараша, 2023

Құны 2 млрд теңге: Павлодар облысының тұрғынынан киік мүйізі тәркіленді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының тұрғынынан құны екі миллиард теңге болатын киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Құны 2 млрд теңге: Павлодар облысының тұрғынынан киік мүйізі тәркіленді

Мүйіздерді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тәркіледі.

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады», деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.