Бокс • 19 Қараша, 2023

Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 92 кг дәрежеде Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті

Осы салмақтың саңлақтары Спартакиаданың финалында кездесті. 

3 раунд ашық айқаспен өтті. 

Соңғы раундта екі боксшының да қабағы жарылды.

Тартысты шайқаста 2:1 есебімен Айбек Оралбай жеңімпаз атанды.

Осылайша ағайынды Оралбайлар VI Спартакиадада алтыннан алқа тақты.